Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

2025 жылдың 19 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен «Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей» КММ ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне «Тиімді әдіс-тәсілдер мен ұлттық құндылықтың сабақтастығы» атты қалалық семинар өткізді.

Семинарға қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Іс шараны мектеп директоры Сауле Амангелдіқызы алғы сөзімен бастады. Мектептің жетістіктері мен жаңалықтары туралы ой қозғап аталмыш семинарда 15 мұғалім іс-тәжірибесімен бөлісетінін айтты. №58 мектеп-гимназиядан 3 педагог, №68 мектеп-гимназиядан 1 мұғалім құндылыққа толы сабақтарын көрсетті.

№87 мектеп-гимназияның ұстаздары Султанова Гүлшира мен Шокубасова Мариям «Сабақ жоспарына ұлттық құндылықты енгізу жолдары» тақырыбында шеберлік сынып көрсетіп іс-тәжірибе бөлісті.

№40 мектеп-лицейдің ұстазы Ержан Хобландының «Байырғы қазақ өлшемдері арқылы логикалық ойлауды дамыту тәсілдері» тақырыбындағы шеберлік сыныбы жас мамандардың көңілінен шықты. тақырыбымен тәжірибе алмасты.

Семинар соңында, ұстаздар семинардан алған әсерлері туралы ой бөлісіп, кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *