2025 жылғы 20-21 маусым күндері қала мектептерінің бастауыш сынып орынбасарлары үшін жазғы оқу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында «Балақай мектебі» қысқа мерзімді курсының екі нұсқадағы бағдарламаларына арнайы таныстыру өткізілді.
Осы таныстыру барысында курстың оқу жоспары, сабақ кестесі және бағдарламалық ерекшеліктер жан-жақты талқыланды. Бағдарламалар оқушылардың танымдық дамуына бағытталған, әрбір сабақ оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруға және балалардың жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған.
«Әдістемелік орталық» бағдарламасы 60 академиялық сағат көлемінде құрастырылған, сабақ ұзақтығы 25 минутты құрайды және аптасына 3 сабақтан тұрады. Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының негізгі дағдыларын қалыптастыруға, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Ал «Балаларды ерте дамыту институты» әзірлеген бағдарлама 80 академиялық сағатқа арналған, сабақ ұзақтығы 20 минуттан және аптасына 4 сабақтан тұрады. Бұл бағдарлама ерте жастағы балалардың когнитивтік және әлеуметтік дағдыларын кешенді дамытуға бағытталған.
Екі бағдарлама да қазіргі заманғы педагогикалық талаптарға сай, оқыту әдістемелері мен технологияларын пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуына қолайлы жағдай туғызады.