«Балалардың осал топтары арасында орыс тілін білу дағдыларын жетілдіру

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК мен Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуының  қазақстандық халықаралық бюросы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «Балалардың осал топтары арасында орыс тілін білу дағдыларын жетілдіру, әсіресе көші-қон үдерісіндегі балалар мен қақтығыс аймақтарынан оралған балаларды біріктіру және оқу нәтижелерін жақсарту» атты  халықаралық жобасын жүзеге асыруда.Акелиус).

Серіктестіктің мақсаты — Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің мәліметі бойынша сауат ашу дағдысынан едәуір артта қалғандарға, әсіресе миграциядан зардап шеккен балаларға немесе COVID-19 пандемия  кезінде және одан кейін,  қарулы қақтығыс аймақтарынан оралған балаларға сауаттылықты дамытуға және тілді үйренуге  цифрлық курстың қолжетімділігін қамтамасыз ету.

2021 жылдың 6 қазанында жобаға қатысушылардың — білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері, қала мектептерінің орыс тілі мұғалімдері және Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның өкілдерінің  үйлестіру кеңесі өтті. Жобаға қатысушылар жобаны іске асырудың негізгі бағыттарын талқылады, сонымен қатар балаларға үздіксіз білім берудің ұзақ мерзімді жоспарын құрды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *