«Балабақшадағы инклюзивті білім беру: заманауи тәсілдер мен тәжірибе» тақырыбында семинар-практикум өтті

            2025 жылғы 15 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес № 69 «Еркем-ай» балабақшасында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «Балабақшадағы инклюзивті білім беру: заманауи тәсілдер мен тәжірибе» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар барысында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыста FlipChart технологиясын қолдану», «Балабақшада ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы анықтау және ПМПК-ға жолдау алгоритмі» тақырыптарында ақпарат беріліп, балаларды дамыту бойынша арнайы педагогтер ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 Семинар қатысушыларымен арнайы мамандар Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жасалатын жұмыстың заманауи жаңа инновациялық ойын жаттығуларын, түрлі тәсілдерін пайдалана отырып шебер-сыныптар өткізді.

Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 40-қа жуық арнайы мамандары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *