Астана қаласы Әдістемелік орталық әдіскерлері мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлері үшін 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күні мерекелерін атап өту бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.
ü Педагогтерге ұйымдастырылған іс-әрекетті балалардың жас және психофизикалық ерекшеліктерін, бағдарламалық талаптарды ескере отырып жоспарлап, мектеп жасына дейінгі балалармен (ортаңғы, ересек, мектепалды топтарда/сыныптарда) ата-аналарды қатыстырмай, өткізу ұсынылады.
ü Ұсынылатын тақырыптар: «Әрқашан күн сөнбесін!»; «1 мамыр — көктем және еңбек мерекесі»; «Еңбекпен ел көгерер»; «Достық пен ынтымақ — береке бастауы»; «Бейбітшілік жасасын!»; «Бейбітшілік – ел тілегі» (басқа тақырыптарды таңдауға болады).
ü Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында әрекет түрлерін ауыстырып отыру ұсынылады:
o шығармашылық (бірлік пен достық бейнеленген шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру: сурет салу, мүсіндеу, құрастыру, жапсыру;
o ойын (үстел үсті, қимылды, баяу қимылды, сюжетті-рөлдік ойындарды және түрлі халықтардың ұлттық ойындарын, байқауларды, сондай-ақ спорттық жарыстарды өткізу);
o коммуникативтік (ойыншықтарды, заттарды, фотосуреттерді, түрлі-түсті суреттерді қолдана отырып, балалармен достары, отбасы, отбасылық қарым-қатынас, отбасы дәстүрлері туралы әңгімелесу; балалардың өздері білетін тақпақтары мен әндерін айтқызу; бейнематериалдар арқылы елімізде тұрып жатқан әртүрлі ұлт өкілдерімен таныстыру);
o танымдық (мұражайларға бару, экскурсия өткізу, Қазақстан халқының Ассамблеясы өкілдерімен кездесу);
o еңбек (мектепке дейінгі ұйымның, мектептің ауласына ағаштар, гүлдер отырғызу; ойын алаңын жинау және т.б.).
P.S. Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу кезінде тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескеру қажет.