📢 Астанада 27 ақпан 2025 жылы №8 мектеп-лицейінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Бағдарламау әлемі» қалалық оқыту семинары өтті. Семинарға білім беру ұйымдарынан 60 педагог қатысып, IT саласындағы заманауи трендтер, жасанды интеллект, робототехника, деректер базасы, Python, Scratch, 3D модельдеу, қашықтықтан оқыту және бағдарламалау әдістері бойынша тәжірибе алмасты.
🎯 Секциялар бойынша негізгі тақырыптар:
✅ Жасанды интеллект пен бағдарламалау әдістері;
✅ Pygame, SQL, Bisect алгоритмі, 3D модельдеу;
✅ Бастауыш мектепте бағдарламалау оқыту әдістері;
✅ Жобалық оқыту және қашықтықтан оқыту.
Осындай маңызды іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына үлкен серпін беретіні сөзсіз! 🚀👏