2025 жылдың 24-25 ақпан күндері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен ШЖҚ «Astana Polytechnic» жоғары колледжі» МКК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Бағдарламалау» және «Информатика» пәндері бойынша қалалық олимпиада өткізілді. Елорда колледждерінің студенттері дәстүрлі олимпиадаға аса қызығушылықпен қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Astana ІТ University» колледжі, Еуразиялық гуманитарлық институттың жоғары колледжі, «Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі, Жоғары көлік және коммуникация колледжі, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі, М. Жұмабаев атындағы халықаралық колледждерінің студенттері жоғары білімдерін көрсете алды. Олимпиадаға қала колледждерінен 75 студент қатысып, барлығы қатысу сертификаттарын иеленді. 16 білім алушы жүлделі орындарды иеленді. Жүлделі орын алған студенттерді құттықтап, болашақтарының жарқын, келешектерінің кемелді болуына тілектеспіз. Үздіктерді дайындаған пән оқытушыларына алғыс айтамыз.