2026 жылдың 12–14 қаңтары аралығында Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестік жетекшілеріне, шебер-педагогтер және директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарларына «Авторлық жұмыс жазуда жиі кездесетін қателіктер және оларды болдырмау жолдары» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті.
Семинар жұмысына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу орталығының директоры Аманжолов Дулат Аманжолұлы қатысып, авторлық жұмыстарды әзірлеуге қойылатын талаптар мен Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жанындағы Сараптамалық кеңестің қызметі туралы ақпарат берді.
Іс-шара барысында қатысушылар қалалық және республикалық Сараптамалық кеңестердің жұмысы, сондай-ақ https://ar.astana-modern.kz/ платформасының мүмкіндіктерімен танысты. Педагогтерге авторлық жұмыс жазуда жиі кездесетін қателіктер туралы және оларды болдырмау жолдары талқыланып, әдістемелік қолдау көрсетілді.










