2024 жылғы 21-22 қазан күндері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Қазақстанда инклюзивті мәдениетті дамыту мақсатында, Израиль мемлекетінің Астана қаласындағы елшілігі және Израильдің аймақтық ынтымақтастық министрлігі Израиль «Sulamot Group» мамандарының ұйымдастыруымен К. Мынбаев атындағы №59 мектеп-лицейі базасында барлық білім беру ұйымдарының арнайы педагогтердің қатысуымен «Аутизм және даму ерекшеліктері» тақырыбында екі күндік ақпараттық марафон өткізілді. Екі күндік марафонның мақсаты инклюзивті білім беру саласында тәжірибе мен білім алмасыу арқылы ынтымақтастықты арттыру.
Өткізілген іс шарада Израиль мемлекетінің Қазақстан және Қырғыз елшілігінің консулы- Станислав Звегильский сөз сөйлесе,
Израильдің «Sulamot Group» тобының негізін қалаушы және жетекшілері «Любовь Рубин –Ниязова, Марина Слепян 2 күндік өткізілген марафонда «ASD – Autistic Spectrum Disorder Нарушения аутичного спектра — попытка понять образ восприятия, образ мышления и поведениe людей с аутизмом»,
« Групповые занятий для детей с РАС — цели и способы их достижения», «Инклюзия детей с аутизмом в обычном образовании», «Дислексия и Дисграфия», « Лаборатория социльных навыков. Теория Разума при РАС — сложности и пути преодоления» тақырыбында өз іс-тәжірбиелерімен бөлісіп шебер сыныптар көрсетті.
Марафонға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға білім беру ұйымдарының 300-ге жуық арнайы мамандары қатысты.,