admin

admin

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК САҒАТ

2025 жылғы 30 қантар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған вебинар өткізді. Вебинарда кітапханашылардың тәрбие жұмысы мен оқу мәдениетін қалыптастырудағы рөлін арттыру жолдары қарастырылды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы «Балалар кітапханасы»,…

Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді технологияларды, оқыту тәсілдері мен бағалаудың қолданылуы

2025 жылғы 30 қаңтар күні Астана қаласындағы №93 мектеп-лицейінде «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді технологияларды, оқыту тәсілдері мен бағалаудың қолданылуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Астана қаласының «Әдістемелік орталығы мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп өткізді.…

Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының ОІЖ орынбасарларына арналған оқыту семинары ұйымдастырылды

2025 жылғы 30 қаңтар күні Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдары басшыларының инклюзивті білім беруге жауапты оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру алгоритмі» тақырыбында семинар-практикум өтті. Орталық әдіскерлері №6…

«Оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту нысандары мен әдістері» қалалық оқыту-тәжірибелік семинары

Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 30 қаңтар күні М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мектеп вожатыйларына әдістемелік қолдау көрсету және Мектеп Парламенті қызметінің маңызын арттыру мақсатында қалалық оқыту-тәжірибелік семинары өтті. Семинар барысында Әдістемелік орталық әдіскері Э. Ибраева «Біртұтас тәрбие»…

Студенттердің білімін бағалау құралдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар

2025 жылдың 29 қаңтар күні техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері Әдістемелік күн аясында Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледжінің аттестаттаудан өтетін арнайы пәндер оқытушылары Ж.Е. Кусаинова, Н. Иманбай, Л.Т. Сыздыкованың сабақтарына қатысты. Өткізілген сабақтар қорытындысы бойынша ТжКББ бөлімінің әдіскерлері…

Әдістемелік ұсыныстар берілді

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Үздіксіз білім беру» бөлімінің әдіскерлері тарапынан 2025 жылдың 29 қаңтары күні №99 орта мектепте әдістемелік күн ұйымдастырылды. Жұмыс барысында мектеп педагогтерінің біліктілігін арттыру қызметі бойынша құжаттамалардың жүргізілуі зерделеніп, әдістемелік ұсыныстар берілді.

Қосымша білім беру педагогтеріне «Әдістемелік десант» жобасы аясында әдістемелік көмек көрсету

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2025 жылғы 29 қаңтар күні «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығына» МКҚК әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік десант өткізілді. Іс-шараға барлығы 21 педагог қатысты. Әдістемелік десант мақсаты — білім беру-тәрбие процесін…

PISA  ТАПСЫРМАЛАРЫН  ҚҰРАСТЫРУДА АПГРЕЙД 4К ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

29.01.2025 ж. күні қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің Педагогтер қауымдастығы нысанаға алынған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне PISA форматындағы тапсырмалардың алғышарттары, тапсырма үлгілері, тапсырма сипаттамалары, иерархиясы және АПГРЕЙД 4К дағдысы  бойынша  түсінік беріп, тәжірибе алмасу мақсатында…

2025 жылға арналған тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру жоспары

2025 жылдың 29 қаңтарында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Үздіксіз білім беру бөлімнің жоспарына сәйкес «2025 жылға арналған тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру жоспары» тақырыбында вебинар өтті.   Вебинардың мақсаты – қосымша, арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарында 2025 жылы мемлекеттік…

«Шет тілін оқытудың белсенді әдістері» жас мамандарға арналған қалалық семинар

2025 жылдың 29 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицейінде «Шет тілін оқытудың белсенді әдістері» тақырыбында ағылшын тілі пәні жас мамандарына арналған қалалық семинар өткізді. Семинарда қала педагогтері «Ағылшын тілі»…