«Ата-ана және жасөспірім- жағымды қарым-қатынас» ата-аналарға арналған семинар- тренингтер

2024 жылдың 18-19 желтоқсан күндері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен №№5,69,81,95  мектептерінің ата-аналарына «Ата-ана және жасөспірім- жағымды қарым-қатынас» атты тақырыпта семинар-тренингтер өткізілді.

        Психологиялық қолдау бөлімінің әдіскерлері әңгімелесу, рөлдік ситуациялық жаттығулар, бейнероликтер арқылы балалармен тиімді қарым-қатынас жасаудың сәтті жолдары, ата-ана мен бала қарым-қатынасын үйлестіру әдістерімен бөлісті.

        Әдіскерлер балалар мен ата-аналар арасындағы оң қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша ата-аналарға ұсыныстар берді. Кері байланыста ата-аналар оң пікірлерін беріп, әрбір ата-ана үшін осындай семинар-тренингтердің өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, ата – аналарға Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен елорданың бес ауданында психологиялық- консультациялық көмек көрсету кабинеттерінің жұмыс істейтіні және психологтан тегін кеңес алу мүмкіндігі бар екені туралы толық ақпарат берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *