2024 жылдың 11-12 сәуір аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық қолдау бөлімінің жоспарына сәйкес №№ 18, 26, 35, 45, 61, 68 мектеп ата-аналарына семинар — тренингтер өткізілді.
Семинарлардың мақсаты ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты, байланыстыруды және жағымды қарым-қатынасты дамыту болды.
Лекторлар отбасылық қарым-қатынасты тиімді және сындарлы етуге көмектесетін қарым-қатынастың негізгі принциптеріне тоқталды.
Ата-аналарға 5 тегін психологиялық кеңес беру кабинеті жұмыс істейтіні туралы ақпарат берілді, олардың мамандары психологиялық кеңес береді, ата-ана мен бала қарым-қатынасын орнатады, жасөспірімдермен жұмыс жасайды, оқыту және дамыту сабақтарын жүргізеді.