«Ата-ана және жасөспірім-жағымды қарым-қатынас»ата-аналарға арналған семинар-тренинг

2024 жылдың 27 және 28 ақпан күндері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» психологиялық сүйемелдеу бөлімі «Құрылыс-техникалық колледжі» мен «Қоғамдық тамақтану және сервис колледждерінде» ата-аналардың балалармен оң қарым-қатынасын қалыптастыруда психологиялық білімді жетілдіру мақсатымен  ата-аналарға арналған «Ата-ана және жасөспірім -жағымды қарым-қатынас» тақырыбында семинар-тренинг өткізді, 41 ата – ана қатысты.

Семинардың басында әдіскер ата-аналарға жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері және балалармен тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдері туралы ақпаратты ұсынды. Баланы тәрбиелеуде жағымды психологиялық көңіл-күй мен бала үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру үшін психологиялық жаттығулар өткізілді. Ата-аналармен топтық практикалық жұмыста жасөспіріммен сәтті қарым-қатынас жасаудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері көрсетілді.

Ата-аналар мұндай кездесулердің маңыздылығын, жасөспірім үшін отбасындағы жағымды қарым-қатынастың құндылығын атап өтті және әдіскерге алғысын білдіріп, қазіргі баланы тәрбиелеу мәселелерінде психологиялық-педагогикалық ағарту жөніндегі іс-шараларға үлкен қызығушылық танытты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *