Бүгін Астана қаласы Білім басқармасы, Әдістемелік орталығы «Ата-ана, оқушы, сынып жетекші арасындағы үштік одақ құру жолдары» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға қаланың қамқоршылық кеңес төрағалары, қоғамдық бірлестік өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы, белсенді мектеп парламентінің президенттері және Жастар саясаты мәселелері басқармасының мамандары қатысып, дөңгелек үстел басында «Ата-ана, оқушы, ұстаз» үштігінің ынтымақтастығын дамыту, оқушы мен ата-ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым-қатынасты қалай орнатуды, бір-бірінің жан-дүниесін түсіну және сыйластыққа, мейірімділікке, әділдікпен адалдыққа шақырудың жолдарын қарастырып талқылады. Сонымен қатар, мектеп көшбасшылары да өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтып өтті.