🇰🇿🇯🇵 «Астана – Токио» бейне жобасы – мәдениетаралық коммуникация
🎥 19 ақпан күні Astana English School (№81 мамандандырылған гимназия) оқушылары мен Токио қаласындағы Хигашита бастауыш мектебінің 6-сынып оқушылары арасында алғашқы онлайн сабағы өтті. Бейне жоба идеясы Әдістемелік орталық пен жапон мектептері арасындағы ынтымақтастық аясында туындады. Оны жүзеге асыру Токио білім беру кеңесінің Халықаралық алмасу консьерж офисінің көмегінің арқасында өтті.
Астана мен Токионы біртұтас білім кеңістігіне қосатын бейне жобаға әр тараптан 200-ден астам оқушы қатысады.
🌐💙 Телекөпір барысында оқушылар бір-бірімен танысып, қызығушылықтарымен бөлісіп, өз елдерін бір-біріне таныстырды. Әсіресе, жапондық мектеп оқушылары астаналық құрдастары ұсынған ұлттық киімдер мен домбырада орындалған күйге тәнті болды. Әдеттен тыс сабақтың соңында мектеп оқушылары өз елдерінің әнұрандарын мақтанышпен орындап, содан кейін бір-біріне сұрақтар қойып жауап берді.
Ағылшын тілін лайықты деңгейде меңгергендіктен, оқушылар телекөпір барысында бір-бірімен еркін сөйлесіп жақынырақ таныса алды.
🌈 Мұндай кездесулер оқушыларға басқа мәдениеттер туралы көбірек білуге, достық қарым-қатынас орнатуға және болашақта әлемнің азаматы болуға және мәдени әртүрлілікті жақсы түсінуге және құрметтеуге көмектеседі.
«Астана – Токио» жобасына қатысқандардың барлығына рахмет! 🙌 Келесі кезекте Токиодағы Фуджимигаока, Хигашита және Митака Чуо Гакуэн мектептерінің қатысуымен №85 лицейінде және №96 гимназия мектептерінде онлайн сабақтар өтетін болады.🌐📚 #Мәдениетаралықбілім #АстанаТокио #Әдістемелікорталык