2025 жылғы 18 наурыз күні жауапты менторлар «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының Педагогика және пәндік әдістемелер кафедрасының меңгерушісі Л. Боранбаева мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Р. Шаяханова №29 нысаналы мектепте «Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған сандық құралдар мен ресурстар» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Мектеп педагогтері семинар аясында сабақты сапалы ұйымдастыруға және өткізуге бақытталған randomus.ru, wordwall.net/ru, flippity.net, http://castlots.org/, https://ultragenerator.com/ сандық ресурстарды практика жүзінде пайдаланып көрді.
Іс-шара соңында педагогтер кері байланыс беріп, аталған сандық ресурстар сабақтардың сапалы өткізілуіне ықпал ететінін атап өтті.