Астана қ. Әдістемелік орталығы IB мектептерінің координаторларымен онлайн кездесу өткізді

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспардың жұмысы аясында 2025 жылғы 28 қараша күні білім беру саласындағы ынтымақтастық және зерттеу бөлімінің басшысы Касенова Альбина Бакытбековна IB бағдарламасын жүзеге асырып отырған білім беру ұйымдарының координаторларымен онлайн форматта кездесу өткізді.

Кездесуге Астана қаласындағы IB бағыты бойынша жұмыс істейтін бірқатар білім мекемелерінің өкілдері қатысты. Атап айтқанда, № 81 «Astana English School» халықаралық мектебінің координаторы Идрис Маржан Қайратқызы, «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицейінің» координаторы Құрмантаева Улдай Құрмантайқызы, «Білім-инновация» лицей-интернатының координаторы Сейлбаева Мөлдір Бекетаевна және № 91 мектеп-гимназиясының координаторы Қасиенова Динара Қуанышбаевна қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар IB бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесі, оқу процесін жетілдіру жолдары, халықаралық стандарттарға сәйкестікті арттыру және мектептер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Онлайн алаңда координаторлар өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасып, жаңа оқу жылына арналған ортақ ұсыныстар мен жоспарларды айқындады.

Аталған іс-шара Астана қаласындағы IB мектептерінің өзара тәжірибе алмасуын күшейтіп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *