Астанадағы ең ірі жекеменшік мектептердің бірі MIRAS халықаралық мектебінде Ұлттық зерттеу университетінің Жоғары Экономика мектебінің (НИУ ВШЭ) дарындыларды анықтау орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бұл орталық жоғарғы сынып оқушыларының тартылуына, мамандық таңдау барысында дұрыс шешім қабылдауларына себепкер болатын орын болады.
Дарындыларды анықтау орталығында Жоғары Экономика мектебінің ғалымдар мен сарапшылардың ең озық тәжірибесін қолданады. Мектеп оқушылары мен студенттер үшін олимпиадалар, конкурстар, тақырыптық тренингтер, кәсіптік бағдар беру және жоғары білім беру бойынша консультациялар жоспарланған.
Астана қаласының 20-дан астам мектеп директорлары үшін білім саласындағы тенденциялар тақырыбында шебер сағаты өтті. Құттықтау сөзімен Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының әдіскерлері Ергешбаев Жұмағали Ізмаханұлы мен Ракишева Айгүл Жақанқызы орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.