2025 жылғы 04 сәуір күні №4 ПМПК мамандарымен бірлескен Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында әдістемелік орталықтың жылдық жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының инклюзивті білім беруге жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «АСБ бар балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Семинар барысында спикерлер №4 ПМПК мамандарымен бірлесе отырып әдістемелік көмек көрсету мақсатында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті тақырыптарға тоқталды:
— «Мінез-құлқында бұзылыстары бар балаларды сүйемелдеу және мінез-құлықты түзету әдістері;
— «Коррекционная работа с детьми с моторной алалией и трудностями в поведении»;
— «Общие представления об аутизме особенности развития детей с РАС».
Сонымен қатар мектеп пегдагогтері мен №4ПМПК арнайы мамандарының және «№1 Асыл мирас» балаларға арналған аутизмді қолдау орталығының шеберлік сағаттары мен ашық сабақтары көрсетілді. Семинар соңында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың өнер көрсетуімен концерттік бағдарлама өтті.
Семинар барысында білім беру ұйымдарының орынбасарлары мен педагог-ассистенттер және педагогтер мен арнайы мамандар өз сауалдарына толық жауап алып, алдағы уақытта қандай мәселелер бойынша көмек қажет екендігі жөнінде өз ойларымен бөлісті. Мектеп психологы тренинг пен қатар нейрожаттығулар жасады. Семинар соңында барлық қатысушылар QR код арқылы кері байланыс жасады.