«Арнайы пәндерді оқытуға ағылшын тілін енгізудің ерекшеліктері» тақырыбындағы эксперименттік алаң аясында семинар

2024 жылғы 14 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспары бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Құрылыс-техникалық колледжі» ШЖҚ МКК «Арнайы пәндерді оқытуға ағылшын тілін енгізудің ерекшеліктері» тақырыбындағы эксперименттік алаң аясында семинары өтті.

Іс-шараның мақсаты- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндерді оқытуға ағылшын тілін енгізу бойынша тәжірибе алмасу. Семинарға 25 колледж директорының орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында «Ағылшын тілін оқытуда SAMR моделін енгізудің негізгі аспектілері» туралы М. Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледжінің шет тілі оқытушылары З. Абилкадирова мен Ж. Слатова тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ колледждің арнайы пәндер оқытушысы Қонысбай Ержан «The use software for professional activity of an electrician» тақырыбында шебер-сынып көрсетті. «Электр монтаждаушы» мамандығында оқып жатқан білім алушылар шебер-сыныпта электр монтаждаушының кәсіби қызметі үшін бағдарламалық жасақтаманын мүмкіндіктерін пайдаланып схемалар сызды.

Қорытындылау кезінде қатысушылар арнайы пәндерді оқытуға ағылшын тілін енгізудің ерекшеліктері мен қиындықтары туралы пікір алмасып, педагогтердің ұсынылған тәжірибесінің өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *