2023 жылғы 8 маусым күні №8 мектеп-лицейінде жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелерін талқылау бойынша жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарлары мен арнайы педагогтерінің кездесуі өтті. Кездесуге №1 ПМПК өкілі ретінде логопед маманы қатысты, онда ЕБҚ бар оқушылар үшін бейімделген және жеке оқу бағдарламаларын жасау тәртібі және оларды жалпы білім беретін мектепте іске асыру туралы түсіндіріп өтті. №8 мектеп-лицей директорының орынбасары ППҚҚ құжаттамасымен таныстырды. (12.01.2022 ж. №6 бұйрық білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ережелері).