2023 жылдың 7 маусымында мұғалімдер аллеясында арнайы білім беру мұғалімдеріне арналған үш қалалық байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
- 1. «Арнайы мектептің үздік педагогы (мұғалімі)» номинациясы бойынша жеңімпаз — Смагулова Жанагуль Жанайдаровна, №2 Арнайы мектеп арнайы педагогі;
- «Арнайы мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогы» номинациясы бойынша жеңімпаз – Имамбаева Марина Алиевна, №1 Арнайы мектеп-интернатының арнайы педагогі;
- «Арнайы балабақшаның үздік педагогы (тәрбиешісі)» номинациясы бойынша жеңімпаз — Кайнарбаева Гулжазира Джолдасбековна, №5 «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі;
Байқау Ережесі негізінде әділқазылар алқасы 1 педагогке арнайы номинация тағайындады.
- «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жүргізген ең үздің жеке сабақ» номинациясы бойынша жеңімпаз — Мауенова Молдир Макимовна, №65 мектеп-гимназиясының арнайы педагогі.
2. «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» қалалық байқауының қорытындысы туралы
- «Үздік сабақ» (жеке немесе кіші топ сабағы) номинациясы бойынша – Накыпова Венера Бугибаевна, №2 ОО педагогі;
- «Мүмкіндігі шектеулі баланың ең үздік жеке даму бағдарламасы» номинациясы бойынша – Абдирова Айгуль Кайратовна, №1 ОО педагогі;
- «Арнайы педагогтердің, педагог-психологтың, ЕДШ нұсқаушысының «Үздік әдістемелік кейсі» номинациясы бойынша жеңімпаз – Жумабекова Асель Нурлановна, №1 ППТК педагогы;
- «Педагогтың үздік бейне-визиткасы» номинациясы бойынша — Журкабаева Гайшагуль Сауткановна, №1 ППТК педагогы
3. «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның
үздік маманы» қалалық байқауының қорытындысы туралы
- «Педагогтың үздік видео-визиткасы» номинациясы бойынша жеңімпаз – Крошанова Лариса Александровна, Астана қаласы әкімдігінің №2 ПМПК педагогі;
- «Баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін үздік бағалау» номинациясы бойынша жеңімпаз – Абилгаламова Айсулу Кенжехановна, №4 ПМПК педагогі;
Қалалық байқаулардың жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс, биік белестерді бағындыру және еңбек жолыңызда өркендеу тілейміз!