Апгрейд 40 және STEM

2025 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде «Апгрейд 40 және STEM» тақырыбында республикалық онлайн/офлайн форматында семинар өтті. Іс-шараға Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Алматы қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарының педагогтері қатысты.

Олар өз елдеріндегі STEM жобалары мен оқыту тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда STEM әдісінің маңызы, кооперативтік оқыту, цифрлық құралдар қолдану, сондай-ақ STEM жобаларын жүзеге асыру жолдары талқыланды. Қатысушы спикерлер тәжірибелерімен бөлісіп, шебер сыныптар мен тренингтер өткізді. Қатысушылар семинар қорытындысы бойынша әдістердің тиімділігі туралы пікір алмасты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *