2025 жылдың 11 ақпан күні техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері Әдістемелік күн аясында Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледж» ШЖҚ МКК оқытушылары Г.С. Кенжебекова, С.М. Бисенгалиеваның сабақтарына катысты және әдістемелік кабинет құжаттамаларының жүргізілу барысын зерделеді.
Шара қорытындысы бойынша колледж оқытушыларының сабақтарына талдау жасалып, оқыту әдістемесін және колледждегі әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.