2025 жылдың 5 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес Үздіксіз білім беру бөлімінің әдіскерлері тарапынан Астана қаласының №1 Тәттімбет атындағы өнер мектебінде әдістемелік күн ұйымдастырылды.
Әдістемелік күннің мақсаты – білім беру ұйымдарына біліктілікті арттыру жұмыстарын жүйелеуде қолдау көрсету, педагогтердің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруде әдістемелік қолдау көрсету үшін курстан өткен педагогтердің сабағына қатысу.
Әдістемелік күн барысында әдіскер Ж.И.Ергешбаев педагогтің курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында қазақ ұлттық аспаптар бөлімінің педагогі А.Ә.Мұханбентжанның сабағына қатысты.
Іс-шара соңында әдістемелік ұсыныстар берілді.