Әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәрбие орынбасарларына арналған вебинар өтті

2025 жылғы 22 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәрбие орынбасарларына арналған вебинар өтті. Вебинар жұмысына 85 директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қатысты. 

Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Д.Г. Шарипова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен бөлісті. 

Сондай-ақ, Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жулдыз Сейфудинқызы Тайтелиева «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының, жобалардың іске асырылуы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.   

Вебинар тәрбие орынбасарларына тәжірибе алмасу және білім беру ұйымдарындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмысты жетілдіру бойынша жаңа идеялар алуға мүмкіндік берді. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *