«Әдістемелік десант» жобасы аясында №83 «Жансая» балабақшасында педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әдістемелік күн өткізді

🎯 Астана қаласы Әдістемелік орталығы «Әдістемелік десант» жобасы аясында №83 «Жансая» балабақшасында педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әдістемелік күн өткізді.

🎓 Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы өзекті әдістемелік мәселелер талқыланып, балабақша ұжымына практикалық көмек көрсетілді.

🧾 Орталықтың әдіскерлері педагогтерге тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырып, перспективалық жоспар мен циклограмма құрастыру үлгісін, баланың жеке даму картасын толтыру талаптарын түсіндірді.

🤖 Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарда жасанды интеллектіні тиімді енгізу мен пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылды.

💭 Семинар-практикум қорытындысында рефлексия өткізіліп, педагогтер өз әсерлерімен, пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *