2025 жылғы 24 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес жеке меншік білім беру ұйымдары үшін «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) түсіндіруге арналған онлайн форматтағы оқыту семинары ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы барлық білім ошағына енгізілуі тиіс. Оның ішінде жекеменшік мектептер де бұл бағытты басшылыққа алуы қажет. Себебі тәрбие жұмысы балалардың барлығын қамтуы тиіс. Сонда ғана бұл бастама жалпыұлттық сипатқа ие болады. Жобаның түпкі мақсаты – отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Мұның бәрі – адал азаматқа тән қасиеттер» – деп атап өткен болатын.
Осы орайда өткізілген вебинардың мақсаты – жеке меншік мектептерде тәрбие бағытындағы жұмыстарды жүйелеу, бағдарлама мазмұнын тереңірек түсіндіру және оны тиімді жүзеге асыру жолдарын айқындау. Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығы, Бағдарламаның тұжырымдамасы мен негізгі қағидаттары, сондай-ақ брендбук материалдары кеңінен таныстырылып, нақты түсіндірме берілді.
Вебинар жұмысына Астана қаласындағы 35 жеке меншік білім беру ұйымының тәрбие жұмысына жауапты директор орынбасарлары қатысты. Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.