«Адал азамат» бағдарламасы аясында жаратылыстану пәндерінде құндылықтарды қалыптастыру

      Астана қаласы Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Нұрорда» мектеп-лицейінде  «Жаратылыстану пәндерінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде құндылықтарды кіріктірудің тиімді әдістері» атты қалалық оқыту семинары өтті. Іс-шараға елорда мектептерінің химия және биология пәні педагогтері қатысты.

Мақсаты:
Жаратылыстану пәндері бойынша оқу үдерісіне «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды кіріктірудің ғылыми-әдістемелік тәсілдерін айқындау, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және пән мазмұны арқылы оқушылардың адамгершілік-этикалық дағдыларын дамытуға қолдау көрсету.

         Семинардың басында қатысушыларға құндылықтарды насихаттауға арналған бейнематериалдар ұсынылды. Әдістемелік орталықтың әдіскері  Ш. Шакирова «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың бойында құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ал «Нұрорда» мектеп-лицейінің директоры Халил Ибрахим Акбулут «Мектептегі құндылықтар әлемі – тұлға тәрбиесінің негізі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

           Іс-шара барысында «Нұрорда» мектеп-лицейінің мұғалімдері Қ. Бектұрлы,  Р.Ситиев, Ж. Хасен, сондай-ақ Дарынды ер балаларға арналған «БИЛ-инновация» лицей-интернатының биология пәні мұғалімі Қ. Жанасова, Дарынды қыз балаларға арналған «БИЛ-инновация» лицей-интернатының биология пәні мұғалімі Н. Өмірұзақ, №8 мектеп-лицейінің мұғалімі А. Бердімұрат, №37 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Ж. Жуманова, №104 мектептің химия пәні мұғалімі Д. Ахмедина,                              №115 мектептің химия пәні мұғалімі Ж. Рахметова, «Алтын Орда» мектебінің химия пәні мұғалімі Н. Аманжолова, №15 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Н. Байдаулетова және №89 мектептің биология пәні мұғалімі  Н. Турсынбаева өздерінің іс- тәжірибелерімен бөлісті.

          Семинар тәжірибе алмасу, пікір бөлісу алаңына айналып, қатысушыларға нәтижелі жұмыс пен кәсіби шабыт сыйлады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *