«АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ – ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ» халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар

2025 жылдың 19 сәуір күні Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қатысуымен, Астана қаласының Білім басқармасы және «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Астана халықаралық университетінің педагогикалық институты, Астана қаласы әкімдігінің «№101 орта мектебі» КММ бірлесе отырып, қазақ руханиятының алтын діңгегіне айналған Абай мұрасын, дүниені танудағы философиялық ой-тұжырымдарын білім беру ұйымдарында оқыту, Абай шығармаларын оқыту әдістемесін жетілдіру, кәсіби дағдыларын дамыту және инновациялық технологияларды меңгерту арқылы жаңашылдығымен, шығармашылдығымен ерекшеленетін педагогтерді және креативті ойлайтын білім алушыларды анықтап, педагогтердің тәжірибе алмасуын жүзеге асыру мақсатында «Абайдың «Толық адам» ілімі – қазақ руханиятының темірқазығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинары өтті.

Семинар аясында:

• «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез…» тақырыбында әдістемелік-шығармашылық көрме;

• Абай әндері мен күйлері шырқалған ұлттық өнер алаңы;

• Абайдың қарасөздері, өмірі мен мұрасы төңірегінде интеллектуалды үстел ойындары, психологиялық трансформациялық ойындар, электронды ресурстар таныстырылымы;

• PODCAST алаңы, авторлық ән мен хор, сахналық қойылымдар;

• Шетелдік және отандық абайтанушылардың пленарлық баяндамалары;

• «Толық адам» ілімі төңірегіндегі дөңгелек үстел және бірнеше бағыттағы секциялық жұмыстар сәтті ұйымдастырылды.

Семинарға елімізден және шетелден келген 400 педагогтер, ғалымдар мен білім алушылар қатысып, Абай шығармашылығын жаңаша форматта зерделеді.

Семинар — идеялардың тоғысуы, сананың жаңғыруы, Абай әлеміне рухани саяхат болды.

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Ұлы Абай мұрасы – ұрпақ жадындағы шамшырақ болып қала бермек!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *