2025 жылғы 17 сәуір күні №81 «Әсемгүл» балабақша базасында «Абай аманаты» эксперименттік алаң аясында қалалық тәжірибелік семинар өтті. Семинарға 30-дан астам мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтері қатысты.
Іс-шара барысында «Еңбек ет те, жемісін көр!», «Құлақтан кіріп бойды алар….» ұйымдастырылған іс-әрекеттері, «Шегіртке мен құмырсқа» қойылымы, сонымен қатар, серіктес №56 «Береке» балабақшасы «Абай аманаты-ұрпаққа салауат» тақырыбында шебер-сынып, №59 «Аққанат» балабақшасы «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады……» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар аясында балабақша педагогтері қатысушылармен тренинг, «Ойлан тап» ойынын, «Абай жас ұрпаққа аманат» тақырыбында талқылау жүргізді.
Іс-шара соңында кері байланыс беріліп, эксперименттік алаң жұмысының перспективті жоспары талқыланды.
23 сәуір 2025 күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM мектебінде Республикалық конференция өтті.
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұны терең әрі өзекті мәселелерді қамтыды.
Конференция барысында мұғалімдер мен педагог-зерттеушілер өзара тәжірибе алмасып, қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды аспектілер – функционалдық сауаттылық, заманауи әдіс-тәсілдер мен педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдарын талқылады.
Ұйымдастыру жағынан барлығы жүйелі, уақыт талабына сай, тиімді жүргізілді. Спикерлердің баяндамалары өте қызықты әрі практикалық маңызы зор болды.
Осындай мазмұнды іс-шараны ұйымдастырған Астана қалалық әдістемелік орталығына үлкен алғысымды білдіремін! Алдағы уақытта да осындай кәсіби дамуға ықпал ететін пайдалы кездесулер жалғасын таба берсін!
Конференцияға қатысушылар Әлкей Марғұлан атындағы бастауыш сынып мұғалімдері Ашим А . Жарболова Н.А
23 сәуір 2025 күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM мектебінде Республикалық конференция өтті.
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұны терең әрі өзекті мәселелерді қамтыды.
Конференция барысында мұғалімдер мен педагог-зерттеушілер өзара тәжірибе алмасып, қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды аспектілер – функционалдық сауаттылық, заманауи әдіс-тәсілдер мен педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдарын талқылады.
Ұйымдастыру жағынан барлығы жүйелі, уақыт талабына сай, тиімді жүргізілді. Спикерлердің баяндамалары өте қызықты әрі практикалық маңызы зор болды.
Осындай мазмұнды іс-шараны ұйымдастырған Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» үлкен алғысымды білдіреміз. Алдағы уақытта да осындай кәсіби дамуға ықпал ететін пайдалы кездесулер жалғасын таба берсін!
Конференцияға қатысушылар Әлкей Марғұлан атындағы бастауыш сынып мұғалімдері Ашим А . Жарболова Н.А