Кешенді ресурстарды тиімді пайдалану

2023 жылғы 14 наурызда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес «№6 гимназия» ШЖҚ МКК-де қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі мұғалімдерінің «Кешенді ресурстарды пайдалану – сапалы сабақтың кепілі» атты қалалық семинары өтті. Семинарда қазақ тілі мен ағылшын пәндерінің мұғалімдері озық педагогикалық замануи технологияларын қолдана отырып, өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың теориялық бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.У. Шариязданова және ағылшын тілі мұғалімі Л.Ю. Кан «Замануи технологиялар – сабақтың тиімді кепілі » деген тақырыпта коучинг өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Практикалық бөлімінде қазақ және ағылшын тілдер мұғалімдері М.А. Шарипова, И.В. Цой, Г.Т.Камиева, С.А. Кривцунова, Е.С. Шестак, И.И.Фридрих, А.С. Абдулаева, Ж.Х. Куленова панорамалық сабақтар көрсетті.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері М.А.Шериязданова, В.А.Султанова және ағылшын тілі мұғалімдері А.Е. Амангельді мен Г.В.Веселова кіріктірілген сабақтар өткізді. Семинар жоғары деңгейде өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған