Әдістемелік көмек

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-нің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 7 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекетік аттестаттаудан өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету және зерделеу мақсатында 14 наурыз күні Астана қаласы әдістемелік орталығының әдіскерлері №22 мектепте-гимназиясында болды.

Мектеп ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау бойынша әдістемелік көмек көрсетуде келесі талаптар бойынша сұрақтар қарастырылды: оқу-әдістемелік жұмыс, нормативтік –құқықтық құжаттар, ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру, оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме, білім алушылардың білім сапасын бағалау. Мектеп әкімшілігі тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған