Коллин Маклафлин мен Кейт Эванстың қатысуымен онлайн семинар өтті

SHARE
Коллин Маклафлин мен Кейт Эванстың қатысуымен онлайн семинар өтті

2023 жылғы 14-15 наурызда SHARE халықаралық жобасына қатысушы мектептер үшін Кембридж университетінің профессоры Коллин Маклафлин мен зерттеуші Кейт Эванстың қатысуымен вебинар өткізілді.

Онлайн кездесу аясында мынадай сұрақтар талқыланды:

  • білім алушыларды оқу процесіне тарту,
  • «оқу процесіне тарту» нені білдіреді, бұл қаншалықты маңызды,
  • педагогтерге оқуға және оқытуға жақсы мүмкіндік беретін жағдайларды қалай жасауға болады.

Сондай-ақ, олардың зерттеулері аясында сабақтарға, пікірталастарға және жүргізілген сауалнамаларға талдау жүргізу туралы ұсыныстар берілді.

1, 2 және 3 топтағы мектептер пікірталас алаңдарында жеке жұмыс өтті, онда жүргізілген сауалнамалар бойынша негізгі қорытындыларын талқылады. Жұптық жұмыста өз зерттеулері аясындағы деректермен басқа мектептермен бөлісті.

Вебинар соңында қатысушылар үй тапсырмасын алды: оқушылар арасында жүргізілген сауалнамаға шолуды аяқтау және өткізілген сабақтың сипаттамасын дайындау.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған