Астана қаласы Білім басқармасының 2023 жылғы 26 қаңтар күнгі №126 бұйрығына сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарына зерделеу жүргізіп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2023 жылғы 10 наурыз күні №8 мектеп- лицейге барып, мемлекеттік аттестаттау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Әдістемелік көмек барысында:
— Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша түсіндірілді;
— Аттестаттау барысында басшылыққа алынатын нормативтік – құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, тексерілетін құжаттар тізбесі бойынша құжаттар зерделенді;
— Әдістемелік көмек көрсетіліп және оларды шешу жолдарына әдістемелік ұсынымдар берілді.