«Балалардың зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін заттық-дамытушы ортаны ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» қалалық семинар

2023 жылғы 10 навурызда Астана қаласы әкімдігінің №75 «Балалық шақ» балабақшасында «Балалардың зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін заттық-дамытушы ортаны ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбындағы эксперименттік алаңның жабылу қорытындысы бойынша қалалық семинар өтті. Семинар барысында халық және гумандық педагогика негізінде ұйымдастырылған технологиялар, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ұйымдастырылған іс-әрекеттер ұсынды.

Сонымен қатар семинарда балабақшадағы заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында ескерілуі тиіс тиіс ең маңызды сәттерге назар аударылды.

Семинар соңында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті, кері байланыс берді.

Аталған іс-шараға 20 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған