«Cisco» Желілік Академиясының Халықаралық бағдарламаларын іске асыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік вебинар

2023 жылғы 10 наурызда талдау және зерттеу бөлімі «Cisco» Желілік Академиясының Халықаралық бағдарламаларын іске асыру бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында жобаға 2022 жылғы қыркүйек айынан бастап қатысатын Астана қаласы мектептерінің информатика мұғалімдеріне арналған нұсқаулық-әдістемелік вебинар өткізді.

Вебинар спикері білім беру саласындағы талдау және зерттеу бөлімінің әдіскерлері Роза Ақпанқызы Шаяханова мен Владислав Александрович Яковлев Netacad платформасында тіркелу және Астана қаласының әдістемелік орталығының желілік академияларын қолдау орталығына мектептердің «Cisco» Желілік академияларын бекіту рәсімінің ерекшеліктерін ұсынды, Сондай-ақ білім алушылар үшін курстар құру, оқыту мен оқу курстарын редакциялау ерекшеліктері бойынша мәселелер қаралды.

Вебинар жұмысына 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Cisco» Желілік Академиясының жобасын іске асыратын Астана қаласының 8 мектебінен 23 информатика пәнінің мұғалімі қатысты. (№№8, 24, 29, 43, 87, 91, 92, 93).

Мұғалімдерге «Cisco» Желілік Академиясының бағдарламалары бойынша білім алушыларды оқыту мақсатында вебинар материалдарын пайдалануға ұсыныстар мен практикалық кеңестер берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған