2023 жылғы 09 наурызда Астана қаласы №63 «Әсем-Ай» балабақшасында «Баланың эмоционалдық әліппесі» тақырыбында эксперименттік алаң жұмысын жалпылау бойынша семинар-практикум өткізілді. Семинарға 30 елорда балабақшаларының әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.
Іс-шара барысында «Педагогтің эмоциональдық интеллектісі» бойынша коуч-тренер Асель Муратова тренинг, балабақшаның педагог-психологы «Мен және менің эмоцияларым» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Практикалық бөлімінде «Арт-терапия арқылы тәрбиеленушілердің эмоциялық интеллектісін дамыту» тақырыбында тәжірибелік сабақ, «Құбылтас» ересек бақылаушы тобында «Эмоция әлеміндегі кезеңдер», «Зумрет» эксперименттік тобында «Эмоция әлеміне саяхат» тақырыптарында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Сонымен қатар, «Ерекше білімді қажет ететін балалардың ұлттық ойын арқылы эмоциясын анықтау» түзету-дамыту жұмысын балабақшаның логопед-дефектологы көрсетті.
Семинар соңында, балабақша психологтары психологиялық ойын өткізіп, рефлексия жүргізді, қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыстарын берді.