БАЛАБАҚШАНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРЫ

Педагогтер қауымдастығының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қазақ тілі мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялар» тақырыбында қалалық семинары өтті.

Семинар мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие жұмысындағы қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамытудағы әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өтті.

Семинарда «Балаға қазақ тілін үйретуде ойын технологиясын қолдану», «Нейробика элементтерін қолдану арқылы бала тілін дамыту», «Ойындар кейсі», «Балаларды ойнай отырып дамытатын Bil-Bala цифрландырылған құралының ерекшелігі» тақырыбында педагогтер мен әлеуметтік серіктестер өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинарға елордалық мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қазақ тілі мұғалімдері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған