Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын түсіндіру

Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 10 наурыз күні сағат 15.00-де №36 орта мектеп базасында ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын түсіндіру» атты семинары ұйымдастырылады.

      Мақсаты – ағылшын тілі пәні педагогтеріне ББЖМ-ның өткізу тәртібін түсіндіру, әдістемелік көмек көрсету.

Аталған семинарға орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысады.          

       Семинар барысында №73 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Булебаева Алима Канатовна, №65 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Искакова Алия Айтказовна, №67 гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Мылтыкбаева Бакыткуль Кабимолдановна, №38 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Туитина Замзагуль Калкеновна өз шеберліктерімен бөліседі.

         Семинар барысында оқу сауаттылығы бойынша тест алу ұсыныммен таныстырылып, ағылшын тілінің көмегімен оқытудың функционалдық сауаттылығын арттыру тиімділігін айқындайды.

Өтетін орны: №36 орта мектеп, Қарасай батыр көшесі, 7.

Мерзімі: 10.03.2023 жылы.

Уақыты: 15.00

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған