Ағымдағы жылғы 06 наурыз күні Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен «Білім сапасын арттыруда зерттеу сабағының «Lesson study» маңызы» тақырыбында №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі базасында қалалық оқыту семинары өтті.
Семинар мақсаты – Lesson study педагогикалық зерттеу тәсілдерін әзірлеу бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту..
Қалалық оқыту семинарында Астана қаласы, Педагогикалық шеберліктің менеджері Ш.Калиханова «Мұғалімнің рефлекциялық дағдысы: аналитикалық жазба жасау жолдары» тақырыбында айтты.
Семинар спикерлері, А.Кобельдесова, А.Дусчанова — Мектептегі сабақты зерттеу үдерісі: модельдері мен практикасына тоқталды.
№82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің педагогтері Г. Абдыкалыкова, А.Турганбекова, №57 орта мектептің педагогі Г.Махмутова «Lesson study» тәсілі бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар нәтижесі қатысушылар, оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістікке жетуге болатынын түсінді. Әдістемелік жетелеу көмегімен Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson Study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне тарату міндеті қойылды.