Әдістемелік көмек

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-нің 2023 жылғы 23 қаңтардағы №7 бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдарын мемлекетік аттестаттаудан өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету және зерделеу мақсатында 3 наурыз күні Астана қаласы әдістемелік орталығының әдіскерлері 17 мектеп – гимназиясында болды.

Мектеп ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау бойынша әдістемелік көмек көрсетуде мынадай талаптар бойынша сұрақтар қарастырылды: оқу-әдістемелік жұмыс, нормативтік –құқықтық құжаттар, ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру, оқу-тәрбие жұмысы, білім алушылардың білім сапасын бағалау туралы.

Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша түсіндірілді және аттестаттау барысында басшылыққа алынатын нормативтік –құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, тексерілетін құжаттар тізбесі бойынша құжаттарын зерделеп, әдістемелік көмек көрсетіліп және оларды шешу жолдарына әдістемелік ұсынымдар берілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған