Ерекше балалар — ерекше көзқарас

2023 жылғы 3 наурыз күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №21 орта мектепте арнайы сыныптарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін арнайы педагогтерге арналған «Ерекше балалар-ерекше көзқарас» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар барысында мектептің арнайы педагогтері мен бастауыш сынып мұғалімдері арнайы сыныптағы жұмыстары бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар мен шебер-сыныптар өткізді:

— «Арнайы сыныптарда ҚМЖ құрудың негізгі принциптер»;

— «Наурыздың сәні – зергерлік бұйымдар»;

— «Сөз буындарында «Ш» дыбысын автоматтандыру».

Сондай-ақ, педагог-психолог арнайы сыныптарының оқушылары және ата-аналарымен жүргізілетін жұмысын көрсетті.

Семинар-практикум соңында ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кері байланыс жасалды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *