Халықаралық бакалавриат IB PYP бағдарламасына өту жағдайындағы оң өзгерістер

2023 жылғы 03 наурызда Астана қаласы №73 мектеп-лицейде «Халықаралық бакалавриат IB PYP бағдарламасына өту жағдайындағы оң өзгерістер» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Іс-шараға республиканың өңірлерінен келген 30 жас директорлар мен қала мектептерінен 40 педагог қатысты.

Семинар барысында «Мектеп қауымдастығы School community» атты көрме, «Педагогикалық жәрменке» ашық сабақтары, «Халықаралық Бакалавриат IB PYP: Қағидадан  тәжірибеге» Edutainment көрмесі және мектеп зертханаларына саяхат  ұйымдастырылды.  

Іс-шара аясында 2-4 сынып оқушылары жасаған зерттеулері мен ғылыми жобалар нәтижелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған