«Healthy and unhealthy food» қалалық семинары

2023 жылғы 2 наурызда Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында «Салауатты тамақтану мектебі» инновациялық жобасы аясында тәжірибені трансляциялау мақсатында «Healthy and unhealthy food» қалалық семинары өткізілді. Іс-шараға 15 педагог және жобаға қатысушы мектептердің 67 оқушысы қатысты.

Семинар аясында жобаны таратудың технологиялары әр түрлі форматта берілді. Іс-шара барысында 2-сынып оқушылары өз командаларын «Дұрыс тамақтану формуласы» жобасының таныстырылымын көрсетті. «Салауатты тамақтану, өмірдің заманауи дәстүрі» тренингі барысында педагогтер мен 9-10 сынып оқушылары салауатты тамақтануды өндіру және сату бойынша бизнес-ойынын көрсетті. Сонымен қатар «What will we eat in the future» конференциясында TEDx форматында 6-9 сынып оқушылары өз жобаларын ағылшын тілінде таныстырды.

Іс-шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп және барлық жастағы оқушылардың денесі үшін дұрыс тамақтанудың пайдасын атап өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *