Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту әдістері

Елорданың білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету аясында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» психологиялық сүйемелдеу бөлімі № 14 мектеп-гимназиясының мұғалімдерімен «Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту әдістері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға 23 педагог қатысты. Семинар лекторы бөлімнің әдіскері, әлеуметану және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тесленко А. Н. оқу процесінде оқушылардың танымдық мотивациясының маңыздылығы туралы айтып берді. Семинар барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын факторлар мен жағдайлар қарастырылды. Іс жүзінде ашық пікірталас, кейс-технологиялар мысалында танымдық белсенділікті жандандыру әдістері мен тәсілдері көрсетілген.

 Семинар тыңдаушылары қызығушылық танытып, осы тақырыптың маңыздылығын атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған