Психологиялық тынығу бөлмесі

2023 жылғы 1 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-да психологиялық тынығу бөлмесі ашылады .

Психологиялық тынығу бөлмесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне уақтылы білікті консультациялық-психологиялық көмек көрсетуге арналған.

Мұнда шамадан тыс эмоционалды күйзелістен жеңіл шығу, жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру, психотерапиялық және психогигиеналық шараларды жүргізу үшін оңтайлы жағдайлар жасалатын болады.

Психологиялық тынығу кабинетіне жүгіну алдын ала жазылу бойынша іске асырылады.

Сондай-ақ, бұл күні «Жылы сөзбен, мейірімді іспен» атты іс-шара өтіп, оның аясында Білім басқармасының басшысы Қ. Сенғазыев Астана қаласының білім саласына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлерімен кездеседі.

Өтетін күні: 01 наурыз 2023 ж.

Өтетін уақыты:  сағ. 17.00

Өтетін орны: «Әдістемелік орталығы» МКҚК (Қабанбай батыр даңғ., 33, 509 кабинет)

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған