Әдістемелік кабинетінің биылғы оқу жылының жоспары бойынша №54 мектеп-лицейде математика пәні мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық және логикалық есептерді шешудің маңызды әдіс-тәсілдері» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинардың спикерлері Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері Парманова Сандугаш, Батырбек Қайрат, Қалжанов Қанат, Таңатар Байқабыл. Олимпиадада жиі кездесетін тақырыптарды түсіндіріп, есептерді талқылап, оларды шешудің бірнеше тәсілдерін көрсетті. Атап айтсақ, «Қосындыны табу жолдары», «Алгебралық есептерді шешудің геометриялық әдістері», «Салыстырым бойынша есептер шығару». Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі. Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін жақсартады. Логикалық есептерді шығаруда шығармашылықпен жұмыс істеу әрбір оқушыға тиімді. Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеген адамның өзіне және өз ісіне деген сенімі, жауапкершілігі артады, іскерлік дағдысы қалыптасады. Семинар пайдалы ақпаратқа толы, мұғалімдерге берері көп, қызықты өтті.
Қала бойынша әр мектептерден келген ұстаздар, семинарға қатысып, кері байланыс берді.