БАЛАЛАРДЫҢ ДАҒДЫЛАРЫН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Астана қаласы №5 «Ақбота» балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын ойын арқылы қалыптастырудағы әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы семинар өтті.

Семинар мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын ойын арқылы қалыптастырудағы әдіс-тәсілдерін озық тәжірибелерін тарату мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға мемлекеттік 30 елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтері қатысты.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттер ойын, қозғалыс, танымдық, зерттеу, еңбек, эксперименттік, балалардың өзіндік іс-әрекеті, ойын арқылы оқытуы бойынша  жүргізілді.

Семинар барысында тәрбиешілердің өз қолынан жасалған «Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын ойын арқылы қалыптастыру» тақырыбындағы көрмесіне шолу жасалды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында «Оқуға құштар бүлдіршін» жобасының жүзеге асырылу жолдары ұсынылды.

Балабақша меңгерушісі «Дамытушы орта-бала идеясының іске асырылуына тиімді кеңістік» шебер сыныбын көрсетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған