Жоспарлаудың негізі түрлері

 2023 жылғы 28 ақпан күні   Астана қаласы,  Әдістемелік орталығының әдіскері Ш.Шакированың  ұйымдастыруымен химия және биология пәндерінің жас педагогтеріне арналған «Жоспарлаудың негізі түрлері» тақырыбында Әбіш Кекілбаев атындағы «Binom SCHOOL» мектеп-лицей базасында қалалық оқыту семинары өтті.

Мақсаты: жас мамандардың кәсіби деңгейін көтеру, әдістемелік көмек көрсету

Іс – шара барысында Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакирова, №62 мектеп-лицейінің биология пәні педагогі А.Дуйсеева, А.Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясының биология пәні педагогі Л.Қасымова, «NURORDA» мектеп-лицейінің химия пәні педагогі Д.Балмасов  «Жоспарлаудың негізгі әдістері», «Жоспарлаудың негізгі түрлері», «Жоспарлаудың негізгі принциптері» туралы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Педагогтерден кері байланыс алынды, сонымен қатар жас педагогтер семинарлардан  үйренгендерін сабақта тиімді пайдаланып жүргендерін атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған